Саясат

Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетінің әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.»Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты», – деп жазылған хабарламада.Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.Қазақстан президенті қасиетті Рамазан айында Қатар әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button