Саясат

Тоқаев Ақордада өткен келіссөздің нәтижесін жариялады

Тоқаев Ақордада өткен келіссөздің нәтижесін жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Толқаев Ақордада Словакия премьер-министрімен өткізген келіссөздің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.© Photo : АкордаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев © Photo : АкордаПрезиденттің айтуынша, екі ел арасында ешқандай түсініспеушілік жоқ. Бүгінде кең ауқымды ынтымақтастыққа жол ашық.»Бүгін біз сауда-саттық көлемін одан әрі арттыру мәселесіне тоқталдық. Инвестициялық ықпалдастықты тереңдетуге назар аудардық. Бұл тұрғыдан алғанда үкіметаралық комиссия маңызды рөл атқарып келеді. Мен комиссияның тең төрағаларының деңгейін министр дәрежесіне көтеруді ұсындым», – деді Тоқаев бірлескен мәлімдеме кезінде.Қазақстан Словакияға мұнай-газ, уран, азық-түлік өнімдерін және басқа да тауарларын экспорттауға дайын. Сондай-ақ энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.»Әскери-техникалық байланыстың әлеуеті зор. Бұған қоса, біз келіссөз барысында Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін бірге пайдалану жайын талқыладық. Бұл – стратегиялық маңызы бар сауда жолының бірі. Мен словакиялық серіктестерімізді осы дәлізді дамыту жобасына қатысуға шақырдым. Бұл саладағы ықпалдастық өзара сауда-саттыққа тың серпін беруге тиіс», – деп атап өтті мемлекет басшысы.Қазақстан Словакияның су ресурстарын басқару ісіндегі озық тәжірибесін зерделеп, бірлесе жұмыс істеуге де дайын.© Photo : АкордаСербия премьер-министрі Роберт Фицо Сербия премьер-министрі Роберт Фицо © Photo : АкордаАл Словакия премьер-министрі екіжақты қатынастың барлық саласы талқыланғанын айтып, келіссөздер қорытындысын жоғары бағалады.»Біз алға қарай үлкен қадам бастық. Бүгінгі уағдаластықтар қол қойылған тиісті келісімшарттар мен өзара тиімді ынтымақтастықта айқын көрініс табады деп ойлаймын», – дейді Фицо.Тоқаев пен Фицо әлемдегі геосаяси ахуалды, жаһандық текетірестер мен сауда соғыстарын да талқылады. Екі ел бұл түйткілдер бейбіт жолмен шешілуі керек деп санайды.Айта кетері, Фицо Қазақстанға екі күндік сапармен келіп отыр. Бүгін Астанада «Қазақстан-Словакия» бизнес форумы өтеді.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button