Спoрт

Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада басталды

Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада басталды

15 қараша күні Жапонияның астанасы – Токиода XXV жазғы Сурдлимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтті. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода биыл ерекше тарихи мәнге ие — Сурдлимпиадалық қозғалыстың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, салтанатты шеруде еліміздің көк байрағын сурдо дзюдодан Қазақстанның спорт шеберлері, XXIV жазғы Сурдлимпиаданың жүлдегерлері Айдос Түгелбаев пен Анна Краморова көтеріп шықты.Биылғы ойындарда 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплинада бақ сынайды. Қазақстан ұлттық құрамасы 78 спортшыдан құралған және 8 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды.Ұлттық құрама үшін алғашқы жарыстар 16 қарашада сурдо дзюдо мен сурдо бадминтоннан басталады. Кейін жарыс кестесіне сәйкес жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, грек-рим күресі, таеквондо және еркін күрес додалары жалғасады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button