Спoрт

Сурдлимпиада-2025: қазақстандық спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды

Сурдлимпиада-2025: қазақстандық спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды

Сурдлимпиада ойындары басталған күні қазақстандық спортшылар 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.© Photo : Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығыХамзе ҒұламаХамзе Ғұлама© Photo : Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығыДене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, алдымен дзюдошы Хамзе Ғұлама (66 келі) финалда алжирлік Бухидель Абдеррахманды иппонмен жеңіп, алтыннан алқа тақты.© Photo : Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығыШадияр Қуандық Сурдлимпиада чемпионы атандыШадияр Қуандық Сурдлимпиада чемпионы атанды© Photo : Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығыШадияр Қуандық (73 келі) та ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Хванг Хёндіде иппонмен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Ал Алтынбек Кәкітаев (60 келі) пен Айым Жетпісбаева (48 келі) жұбаныш белдесулерге шығып, қола жүлдені иеленді.Бүгін бадминтоншылар да жарыс жолына шыққан. Бірақ қарсыластарына жол беріп қойды.Айта кетері, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары Токио қаласында 15-26 қараша аралығында өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы дүбірлі додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы келді. Олар 21 спорт түрінен жарысқа түседі. 78 спортшыдан құралған Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен бақ сынайды.Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада басталды

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button