Видео

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы – видео

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы – видео

Жоғарғы сот өткен жылы көз жұмған жасөспірім Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.Сот отырысқа қатысушылардың пікірін ескере отырып, бұл іске қатысты сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады.Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасы белгісіз адамдармен жанжалдасып, салдарынан жасөспірім қайтыс болды. Ал 12 қазанда бұл отбасы тұрған үй өртке оранды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.Арада екі ай өткен соң, 10 желтоқсанда Шерзаттың туыс ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Ресми мәлімет бойынша ол өзіне қол салған. Адвокаттары оған қысым болмағанын мәлімдеді.Жерлеу рәсімінде Шерзат Полаттың әкесі жанжал шығарып, кейін ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Шерзаттың туыстарына айыппұл салынды.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button