Жеңіске тағзым

Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай әндер фестивалі өтті

Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай әндер фестивалі өтті

. Қалалық мәдениет сарайында Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін еске алу мақсатында «Отты жылдар әндері» фестивалі өтті. Фестиваль 1941 жылы Семей қаласында құрылған 238-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолына арналған тарихи бейнероликпен ашылды. Сахнада шырқалған әскери әндер мен орындаушыларды көрермен ыстық ықыласпен қошеметтеп отырды. © Photo : Семей қаласының әкімдігіОтты жылдар әндері: Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай әндер фестивалі өтті Отты жылдар әндері: Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай әндер фестивалі өтті © Photo : Семей қаласының әкімдігіСемей қаласы тарихи кезеңнен тыс қалған жоқ – мұнда екі атқыштар дивизиясы жасақталып, майдан үшін жұмыс істеген ірі өндіріс орындары эвакуацияланып орналастырылды. Соғыс жылдары мұнда эвакогоспитальдар жұмыс істеп тұрған.

"Бүгін біз осы қалада жасақталған 238-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолын еске аламыз. Қасиетті Отанын жаудан қорғаған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі ұрпақ ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі тиіс " – деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев.

Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button