Жеңіске тағзым

Ресейдің Бас консулы 101 жасқа толған алматылық соғыс ардагерін құттықтады

Ресейдің Бас консулы 101 жасқа толған алматылық соғыс ардагерін құттықтады

Ресейдің Бас консулы Дмитрий Тураев пен шетелдік мекеменің дипломаттары бүгін 101 жасқа толған соғыс ардагері Василий Зинченконы құттықтады. Ресей Президентінің атынан батырға «Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.Василий Иванович 1924 жылы Алтай өлкесінде дүниеге келген. 1939 жылы оның отбасы Алматыға көшіп келеді. Ол 1941 жылы 17 жасында майданға шақырылып, барлау мектебінде суық қаруды игеруді үйренеді.»Аға сержант Зинченко Сталинград үшін шайқасқа қатысып, Украина мен Польшаны азат еткен. Берлинге шабуыл жасауға қатысады. Ардагер неміс әскери қолбасшысымен кездесуін әлі күнге дейін ұмытпайды. Жеңісті Берлинде қарсы алады».Майдангер Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, III дәрежелі Даңқ орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button