Петропавлда соғыс ардагеріне естелік тақта ашылды
Петропавлда СҚО-ның құрметті азаматы, соғыс ардагері және прокуратура органдарының еңбек сіңірген қызметкері Сапар Дүйсенұлы Дүйсенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. © Photo : СҚО әкімдігіПетропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылдыПетропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылды© Photo : СҚО әкімдігіЖеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған рәсімге СҚО әкімдігі, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагердің туған-туысқандары қатысты. «Мемориалдық тақта оны халыққа және заңға адал қызмет еткен тұлға ретінде құрметтеудің және алғыстың символы. Сапар Дүйсенұлының өмір жолы мен Отанына қызметі жастарды адал және патриот болуға тәрбиелей отырып, оларды болашақта елге қызмет етуге бағыт-бағдар береді», – деді өңір басшысы. © Photo : СҚО әкімдігіПетропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылдыПетропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылды© Photo : СҚО әкімдігіМайдангер Сапар Дүйсенұлы соғыстан кейінгі жылдары елді қалпына келтіру мен дамытуға белсене араласқан. Ол тергеушіден бастап облыс прокурорының бірінші орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті. Прокуратура саласына саналы ғұмырын арнап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жас мамандарды тәрбиелеуге және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта ашылды