Жеңіске тағзым

Петропавл қаласында ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Петропавл қаласында ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Петропавлда ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагері Фёдор Щегловты құттықтады. © Ұлттық ҰланПетропавлда ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагерін құттықтадыПетропавлда ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагерін құттықтады© Ұлттық ҰланФёдор Щеглов Кёнигсберг қаласында ұрыста болған. Ал Палауда өткен қанды қырғында көз алдында майдангер достарынан айырылуы – көңіліне мәңгілік сызат қалдырған. Майдангердің жауынгерлік жорықтағы ерліктері елеусіз қалмады. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Майданда танкист болған қария жастарға соғыс жылдарының сұрапыл тұстарын айтып берді. «Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне елеп-ескергендері үшін алғыс білдіремін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Ең бастысы – соғыс атаулы болмасын», – деді соғыс ардагері.© Photo : Ұлттық ҰланПетропавлда ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагерін құттықтадыПетропавлда ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагерін құттықтады© Photo : Ұлттық Ұлан98 жастағы майдангердің үйінің алдында есептік топ саптық шерумен жүріп өтті. Оларды әскери оркестр сүйемелдеді. Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскері «Жеңіске жүз күн қалғанда» акциясы аясында сарбаздардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button