Спoрт
Милад Карими әлем кубогы кезеңінде алтыншы алтынын жеңіп алды
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Мысыр астанасы Каирда спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде керме жаттығуында топ жарды.Милад Карими бұл жолы жаттығудан 14.466 ұпай жинап, алтын медальға ие болды.Бұл — оның биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі алтыншы алтыны.Ал күміс жүлде Кипр спортшысы Мариос Георгиуға бұйырды. Ол 14,066 ұпай жинады. Ал 13,866 ұпай жинаған швейцариялық Ноэ Сейферт қола медаль еншіледі.Қазақстандық гимнаст әлем кубогындағы алтын жүлде санын 9-ға жеткізді.Айта кетейік, додаға 19 елден 91 қатысушы жиналды.Милад Карими алтын медаль алып, әлем кубогының жалпы есебінде үздік деп танылды
Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]