Калининградта Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа мемориалдық тақта ашылды
Ресейдің Калининград қаласында Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа жаңартылған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.© Photo : Калининград үкіметіКалининградта Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа мемориалдық тақта ашылдыКалининградта Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа мемориалдық тақта ашылды© Photo : Калининград үкіметіТөлен Қабылов 1917 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Асысаға ауылында дүниеге келген. Жетімдіктің кермек дәмін ерте татқан ол жастайынан колхоз жұмысына араласады. Колхозда есепші болып жұмыс істеп жүрген кезінде 1942 жылы әскер қатарына шақырылады. Сол жылдың мамыр айынан бастап ол Сталинград түбіндегі шайқаста, Дон, Украинаның сол жағалауы мен Балтық жағалауындағы ұрыстарда алдыңғы шепте болады. 1945 жылдың көктеміне қарай гвардия сержанты Қабылов 24-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 72-ші гвардиялық атқыштар полкі бөлімшесін басқарады. Майдангер Кенигсбергке шабуыл жасау кезінде ерлігімен ерекшеленді.1945 жылы 8 сәуірде батыр бастаған бөлімше алғашқылардың бірі болып оңтүстіктен шабуыл жасаған жауға төтеп береді. Даладағы шайқаста ол жаудың пулемет есебін гранатамен жойып, кейін қоян-қолтық ұрысқа кіріседі.10 сәуірде Юдиттен ауданында (қазіргі Калининград Менделеев көшесіндегі аудан) Қабылов өзін құрбан етіп, өзімен бірге неміс әскерін жарып жіберді. Қазақ батыры Чкаловскідегі қабірге жерленген.Түлен Қабыловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бүгін Калининградта Қазақстан Республикасының өкілдерімен бірге №14 мектептің ғимаратында батырға жаңартылған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.Ресейдің Бас консулы 101 жасқа толған алматылық соғыс ардагерін құттықтады