Фотo

Грейг қызғалдағының отаны: Жамбыл облысында ерекше фестиваль өтті

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау тауының бөктерінде «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараға аймақтың бірегей қызғалдақ мұрасын сақтауды талқылау үшін әртүрлі елдердің ғалымдарын, экологтарын және табиғат әуесқойлары қатысты.Тау бөктеріндегі фестивальдің қызықты сәттерін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.© Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы қызғалдақ түрлерінің алуан түрлілігі бойынша Қазақстан аймақтарының арасында көш бастап тұр. Аймақта қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

1/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы қызғалдақ түрлерінің алуан түрлілігі бойынша Қазақстан аймақтарының арасында көш бастап тұр. Аймақта қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

© Жамбыл облысының әкімдігі

"Қызғалдақ мұра" фестиваліне облыс тұрғындары ғана емес, Германия, Украина, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей, Қытай, Түркия және Үндістаннан келген қонақтарды да қатысты.

2/15© Жамбыл облысының әкімдігі

"Қызғалдақ мұра" фестиваліне облыс тұрғындары ғана емес, Германия, Украина, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей, Қытай, Түркия және Үндістаннан келген қонақтарды да қатысты.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Қатысушылар қатарында экожүйелер бойынша сарапшылар, ЮНЕСКО, консулдық және дипломатиялық корпустардың өкілдері, парламент мәжілісінің депутаттары, министрліктердің өкілдері де бар.

3/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Қатысушылар қатарында экожүйелер бойынша сарапшылар, ЮНЕСКО, консулдық және дипломатиялық корпустардың өкілдері, парламент мәжілісінің депутаттары, министрліктердің өкілдері де бар.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Фестиваль аясында ашық аспан астындағы спорттық жарыстар, интерактивті алаңдары бар этноауыл, қолөнершілер көрмесі, "Қымызмұрындық" рәсімі – алғашқы қымыздың дәмін тату ұйымдастырылды.

4/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Фестиваль аясында ашық аспан астындағы спорттық жарыстар, интерактивті алаңдары бар этноауыл, қолөнершілер көрмесі, "Қымызмұрындық" рәсімі – алғашқы қымыздың дәмін тату ұйымдастырылды.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Фестивальге келгендер Қаратаудың қызғалдақ алқабын көзбен көріп, ерекше әсерге бөленді.

5/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Фестивальге келгендер Қаратаудың қызғалдақ алқабын көзбен көріп, ерекше әсерге бөленді.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Фестивальде "Қымызмұрындық" рәсімі аясында бие сауушылар жарысты.

6/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Фестивальде "Қымызмұрындық" рәсімі аясында бие сауушылар жарысты.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Фестиваль аясында жамбылдық қолөнершілер 200 шаршы метрлік киіз басып, Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енді.

7/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Фестиваль аясында жамбылдық қолөнершілер 200 шаршы метрлік киіз басып, Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енді.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Үш айлық еңбектерінің нәтижесін таныстырған қолөнершілерге Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабының сертификаты салтанатты түрде табысталады.

8/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Үш айлық еңбектерінің нәтижесін таныстырған қолөнершілерге Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабының сертификаты салтанатты түрде табысталады.

© Жамбыл облысының әкімдігі

"Қызғалдақ мұра" фестивалі аясында ұлттық спорт түрлері кеңінен дәріптеліп, халықтың рухын көтерген мерекелік шараға айналды.

9/15© Жамбыл облысының әкімдігі

"Қызғалдақ мұра" фестивалі аясында ұлттық спорт түрлері кеңінен дәріптеліп, халықтың рухын көтерген мерекелік шараға айналды.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Спорттық бәсекелер демеушілердің қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды. Жалпы жүлде қоры 3 млн 450 мың теңгені құрады.

10/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Спорттық бәсекелер демеушілердің қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды. Жалпы жүлде қоры 3 млн 450 мың теңгені құрады.

© Жамбыл облысының әкімдігі

300-ге жуық қатысушы аударыспақ, қазақ күресі, қошқар көтеру, жілік шағу, дәстүрлі садақ ату, асық ату, арқан тарту және желке тарту секілді спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.

11/15© Жамбыл облысының әкімдігі

300-ге жуық қатысушы аударыспақ, қазақ күресі, қошқар көтеру, жілік шағу, дәстүрлі садақ ату, асық ату, арқан тарту және желке тарту секілді спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған бәсекенің бірі – құмай тазы жарысы. Сайыс ережесіне сәйкес төрешілер ең жылдам әрі шапшаң тазыларды анықтап, үздіктерді марапаттады.

12/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған бәсекенің бірі – құмай тазы жарысы. Сайыс ережесіне сәйкес төрешілер ең жылдам әрі шапшаң тазыларды анықтап, үздіктерді марапаттады.

© Жамбыл облысының әкімдігі

Шара аясында ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 150 ісмердің жүннен жасалған киімдер, қыз жасаулары, тұрмыстық бұйымдар мен қолмен тоқылған ойыншықтар көпшілік назарына ұсынылды.

13/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Шара аясында ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 150 ісмердің жүннен жасалған киімдер, қыз жасаулары, тұрмыстық бұйымдар мен қолмен тоқылған ойыншықтар көпшілік назарына ұсынылды.

© Жамбыл облысының әкімдігі

"Қызғалдақ – ұлттық мақтаныш пен мәдени мұраның символы. Дәл осы жерден, қазақ даласында оның тарихы басталып, дүние жүзіне таралып, ол голландиялық бақтарды қоса алғанда, әлемдік бақтардың сәніне айналды. Бұл туған жеріміздің ұлылығы мен байлығының жарқын көрінісі", – деді фестивальде сөйлеген сөзінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.

14/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Бірнеше елдің Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдағын жұлғаны үшін елімізде 3000 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы шамамен 12 млн теңге), 800 сағат қоғамдық жұмыс немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

15/15© Жамбыл облысының әкімдігі

Бірнеше елдің Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдағын жұлғаны үшін елімізде 3000 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы шамамен 12 млн теңге), 800 сағат қоғамдық жұмыс немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button