Спoрт
Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының тағы бір медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бақыт Құсақбаева (57 келі) қола жүлде үшін өткен белдесуде түркіменстандық Майса Пардаевадан басым түсіп, өз мансабында алғаш рет сары құрлықтың жүлдесін еншіледі.Бұған дейін Қазақстан спортшылары алғашқы күні бірден екі медаль ұтып алған болатын. Атап айтқанда, Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Шерзод Давлатов (60 келі) қола жүлдегер атанды.Айта кетері, дзюдодан Азия чемпионаты Тайланд астанасы – Банкокта өтіп жатыр. Турнир 28 сәуірге дейін жалғасады.
Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]