Спoрт

Australian Open-2026: Рыбакина төртінші кезеңге шықты

Australian Open-2026: Рыбакина төртінші кезеңге шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №5) Australian Open-2026 турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды 1bol.kz.Мельбурндегі жарыстың 1/16 финалында Рыбакина чехиялық Тереза Валентовадан (№54) басым түсіп, кездесуді 6:2, 6:3 есебімен аяқтады.»Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Кездесу барысында Рыбакина төрт эйс жасап, бір ғана қос қателікке жол берді. Ал 18 жастағы Валентова төрт эйсті сәтті орындағанымен, сегіз қос қателік жіберді», – деп жазылған хабарламада.Айта кетейік, Тереза Валентова – өз қатарластары арасында ең дарынды теннисшілердің бірі. Ол жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің топ-4 қатарына енген, сондай-ақ 2024 жылы Ролан Гарроста жекелей және жұптық сында жеңіске жеткен.26 жастағы Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі ең үздік нәтижесі – 2023 жылғы финал. Ал өткен маусымда қазақстандық теннисші төртінші айналымға дейін жеткен болатын. Осылайша Рыбакина биыл да былтырғы көрсеткішін қайталап отыр.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button