Жеңіске тағзым

Астанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді

Астанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді

Құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен 170-тен астам әскери қызметшісі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.Ақтау гарнизонында қызмет етіп жатқан офицерлер, сержанттар және мерзімді қызметтің 160 сарбазы елордадағы Қазақ елі алаңында өтетін салтанатты шеруде сап түзейді.

"Парадқа қатысушылар барлық жағынан мұқият іріктеуден өтті. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Өйткені әскери шеру – бейбітшілік үшін өз жандарын құрбан еткен батырларға деген құрмет, – дейді теңіз жаяу әскері бригадасы командирінің орынбасары Берік Алманиязов.

Теңіз жаяу әскері елордада уақытша орналасатын жерге жеткізілді.© Photo : ҚР Қорғаныс министрлігіАстанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келдіАстанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді© Photo : ҚР Қорғаныс министрлігіАйта кету керек, әскери шеруге қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 4000-нан аса қызметшісі қатысады. Оның ішінде 200-ден астам әскери қызметтегі нәзік жандылар да бар. Сондай-ақ парадқа 200-ден аса әскери техника мен авиация қатысады.Астанада әскерилер Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарындағы әндерді шырқады

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button