Елорда тынысы

Астанада LRT бойында бір жол учаскесі ішінара жабылады

Астанада LRT  бойында бір жол учаскесі ішінара жабылады

Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап. Қазіргі кезде Сығанақ көшесі бойымен LRT құрылысы жүріп жатыр. Осыған байланысты бір жол учаскесін ішанара жабуға шешім қабылданды. «8 шілдеден 31 тамызға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде ростверктерді, тіректер мен ригельдерді орнату бойынша жұмыстарды орындау үшін қозғалыс жолында ішінара шектеу болады», – делінген ресми хабарламада. Ал Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылу айналым съезі толығымен жабылады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button