Елорда тынысы

Астанада кальян шеккендерге 700 мың теңге айыппұл салынды

Астанада кальян шеккендерге 700 мың теңге айыппұл салынды

Астанада кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Түнгі аралау барысында 12 жеке тұлғаға және 3 ойын-сауық иесіне 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 49 факті анықталған. Кальян шегетіндерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button