Алматылық оқушылар Мәңгілік алау жанына құрмет қарауылына тұрды
. Алматы қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай жыл сайынғы еске алу вахтасы басталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.»Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Даңқ Мемориалы алдына дәстүрлі құрмет қарауылы құрамында күзетке шықты. © Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіАлматылық оқушылар Мәңгілік алаудың алдына құрмет қарауылына тұрды Алматылық оқушылар Мәңгілік алаудың алдына құрмет қарауылына тұрды © Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі»Мәңгілік алаудың №1 бекетінде құрмет қарауылында тұру дәстүрі биыл алтыншы жыл өткізіліп келеді. Бұл жолы бірінші болып №95 мектептің «Жас сарбаз» кадет сыныбының оқушылары ашты. Алматы білім беру мекемелерінің оқушыларынан құралатын жасақ үш күн бойы күзетте тұрады. Құрмет қарауылы күн сайын таңғы сағат 9,00 ден 16.00-ге дейін қойылады. Қарауылды ауыстыру алдын ала бекітілген кестеге сай жүргізіледі», – делінген хабарламада.Әр ауысымның құрамына қарауыл бастығы, оның көмекшісі және ауысатын оқушылар кіреді. «Мәңгілік алаудың жанында құрмет қарауылы болу біз үшін үлкен мәртебе. Осылайша бейбіт өмір сыйлағандарға тағзым етеміз. Болашаққа жауапкершілікпен қарап, өткенімізді мақтан етеміз, – деді мектеп оқушысы Лейла Пирматова. Құрмет күзетінде 7 мамырға дейін қаланың 12 мектебінен келген жас сарбаздар тұрады. Балалар үшін бұл батырларының ерлігіне құрметпен бірге, жауапкершілік пен батылдықты қалыптастырудың маңызды кезеңі.Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті