Жеңіске тағзым

Алматыда ұландықтар соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Алматыда ұландықтар соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіске дейін 100 күн» акциясы аясында Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің қызметшілері соғыс және тыл ардагерлеріне ерен еңбектері үшін құрмет көрсетті. © Photo : Ұлттық ҰланҰландықтар соғыс ардагерін құттықтадыҰландықтар соғыс ардагерін құттықтады© Photo : Ұлттық ҰланҰландықтар соғыс ардагерлері Анатолий Александрович пен тыл ардагері Екатерина Сергеевнаның үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Сарбаздар ардагерлердің алдында саптық жүріспен өтіп, патриоттық әндер орындады. Ардагерлерге айрықша құрмет көрсетіліп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан арнайы мерекелік медальдар табысталды. Кездесу барысында ардагерлер жүрекжарды лебізін білдіріп, сарбаздарға ақ батасын берді.

"Бүгінгі бейбіт күніміз – кешегі жанқиярлықпен келген жеңістің жемісі. Біз көрген сұрапыл соғысты тілмен айтып жеткізу қиын. Бірақ ең бастысы – халықтың бірлігі мен қайсар рухы бізге жеңіс әкелді. Сол рух сендерде де бар екенін көріп қуанып отырмын", – деді соғыс ардагері Анатолий Александрович.

Тыл еңбеккері Екатерина Сергеевна да сарбаздардың сап түзеп, әнмен келіп құттықтағанына ризашылығын білдірді. © Photo : Ұлттық ҰланҰландықтар тыл еңбеккерін құттықтадыҰландықтар тыл еңбеккерін құттықтады© Photo : Ұлттық Ұлан»Соғыста оқ пен оттың ортасында жүрген ерлердің артында біз – тылдағы еңбек адамдары тұрдық. Бір үзім нанды бөлісіп жеген, жанын шүберекке түйген заман еді. Қазір бәрі басқа, бірақ тарих ұмытылмауы керек. Бүгінгі ұрпақ бізді ұмытпай, төрімізден орын бергеніне шексіз алғыс айтамын», – деді тыл ардагері. © Photo : Ұлттық Ұлантыл ардагерітыл ардагері© Photo : Ұлттық ҰланМұндай кездесулер ардагерлерге құрмет қана емес, сонымен қатар жас ұрпақ үшін терең тәрбие болып табылады. Бұл ұрпақтар сабақтастығын, рух пен патриотизмнің айқын көрінісі.Түркістан облысында тәртіп сақшылары 101 жасқа толған майдангерді құттықтады

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button