Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында отставкадағы полковник Қамбар Сәрсеновтың үйіне барып, ардагерді мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. © Photo : Ұлттық ҰланАлматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсеттіАлматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті© Photo : Ұлттық ҰланҚамбар Әмірұлы әскерге 1942 жылы 12 тамызда шақырылды. Майдангер соғыс жылдары үш рет жараланады. Калинин облысын, Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Польшаны азат етуге қатысқан. Кенисбергте жаралануына байланысты демобилизацияланды.Майдангер I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, II және III дәрежелі «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» орден-медальдарымен наградталған.Ардагер Ішкі істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шыққан. Кездесу барысында соғыс ардагері Қамбар Әмірұлына алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.© Photo : Ұлттық ҰланАлматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсеттіАлматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті© Photo : Ұлттық ҰланМайдангердің үйінің алдында әскери оркестр аты аңызға айналған «Жеңіс күні», «Славянмен қоштасу» марштарын, «Смуглянка» және «Катюша» композицияларын орындады. Сондай-ақ ұландықтар батыр ардагердің үйінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.Ақмола облысында соғыс ардагері 100 жасқа толды