Алматыда соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне берілетін төлем мөлшері өседі
Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.Әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай төлем мөлшері ұлғайтылды:Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден;Тыл еңбеккерлеріне — 100 мың теңгеден (бұған дейін 50 мың теңге еді) беріледі.Бұл шешім Алматы қалалық Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында бірауыздан қабылданды.Барлық төлем автоматты түрде аударылады — арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.Алматыда 21 Ұлы Отан соғысы ардагері және 6 149 тыл еңбеккері тұрады.Айта кетері, 2022 жылдан бері Алматыда ардагерлерге берілетін бір реттік төлемдер жыл сайын көбейтіліп келеді. Былтыр ардагерлерге 2 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын.Астанада соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді