Жеңіске тағзым

Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Горковскаяны 100 жасқа толған мерейтойымен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен ардагерлері құттықтап барды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Любовь Николаевна 1925 жылдың 20 сәуірінде Украинаның Луганск облысында дүниеге келген. 1943 жылы ол майданға өз еркімен аттанып, әскери байланысшылар курсын тәмамдағаннан. Кейін, бірінші Украина майданының жаяу әскер атқыштар дивизиясының құрамына қосылды.»Харьков түбіндегі ұрыстар кезінде оның дивизиясы қоршауға түседі. Алайда 1944 жылдың сәуірінде әскери бөлім жау шеңберінен шығып, азат етілген Севастопольге жетеді. Кейін Любовь Горковская Белоруссия мен Балтық елдері үшін болған шайқастарға қатысады, жеңіс туралы хабарды да сол жақта естиді», – делінген хабарламада.Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Любовь Николаевна I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.Соғыстан кейін ол туған ауылына оралып, халық ағарту бөлімінде жұмыс істейді. 1946 жылы жолдасымен бірге Қазақстанға көшіп келіп, еңбек жолын жалғастырған.»Любовь Николаевнаның қазір денсаулығы сыр беріп жүр. Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері ардагерге жиі барып, қолдан келгенше қолдау көрсетіп келеді», – дейді министрлік.Алматы қалалық «Қарулы күштердің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің өкілі, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин ардагерге сыйлықтар табыстап, қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын оқып берді. Әскери қызметшілер Любовь Николаевнаның Жеңіске қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты.Қарағандылық соғыс ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button