Елорда тынысы

1 миллионнан асты: Астанада автобустағы жолаушылар легі рекордтық деңгейге жетті

1 миллионнан асты: Астанада автобустағы жолаушылар легі рекордтық деңгейге жетті

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетті. Бұл көрсеткіш 1 млн сапарды құрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан CTS -ке сілтеме жасап.Компанияның хабарлауынша, қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады.2024 және 2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button